2 наурыз күні Ақтау қаласының аумағында, қалалық әкімдік ауданында (4 шағын аудан) терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу жоспарланған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz өңірдің ПД-не сілтеме жасап.
Жаттығу кезеңінде шектеу шаралары көзделетін болады. Көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысы ішінара шектеледі.
Іс-шара аса маңызды мемлекеттік объектілерде террористік сипаттағы қатерлер туындаған кезде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын пысықтау мақсатында өткізіледі.
«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды және сабырлық сақтауды сұраймыз», - дейді ПД.