Бүгін облыс әкімі Серікбай Трұмов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап жатыр. Қабылдау 34 шағынаудандағы достық үйі ғимаратында өтуде, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аймақ басшысына келген азаматтардың басым бөлігі тұрғын үй мәселесіне қатысты сұрақтарын ортаға салды. Сонымен қатар жұмыссыздық, жер және әлеуметтік мәселелері қозғалды.
Облыс әкімі тұрғындардың сауалдарын мұқият тыңдап, заңға сәйкес шешілу жолдарын түсіндіріп, қала әкімі мен тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді. Аймақ басшысының қабылдауына түске дейін 50-ге жуық тұрғын келген. Ал департамент және басқарма басшыларына 40-тан астам адам жолыққан.
Айта кетейік, облыс әкімінің тұрғындарды жеке қабылдауы кешке дейін жалғасады.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Сурет Маңғыстау облысы әкімдігінің фейсбук парақшасынан алынды