Ақтау қаласының ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің инспекция басшысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті парақорлыққа күдікті ретінде ұстады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ветеринариялық инспекция басшысы өз кінәсін мойындаған. Ал тергеу ісі жалғасып жатыр. Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін анықтау туралы шешімді сот шығарады.
Сурет kokshetau.asia сайтынан алынды