Сотталушы мен жәбірленушінің татуласуына және жәбірленушіге келтірілген зиян есебінің толтырылуына байланысты сотталушы қылмыстық жауаптылықтан босатылып, іс медиация тәртібімен тоқталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Сондай-ақ, Ақтау қалалық сотында қалалық білім бөлімі атына жеке қаулы шығарды.
- Балабақша меңгерушісінің әрекетіне жеке процессуалдық шешім қабылдау үшін қалалық прокуратураға жеке қаулы жолданады, - деді сот.
Айта кетейік, былтыр балабақша тәрбиеленушісі Карина мен түскі ас әкеле жатқан тәрбиешінің көмекшісі А.Бердиева байқаусызда соқтығысып, нәтижесінде қыз 29 пайыз термикалық күйік алған еді.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ