«Таза Қазақстан» эконауқаны аясында қарақиялықтар да қалыс қалмай ауданның санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аудан әкімі Сымбат Төретаевтың бастамасымен, Құрық ауылындағы «Абай» көшесіне арша (туя) талы егілген. Тал көшеттерін отырғызуға аудандық мәслихат төрағасы Жанғабыл Қалаубай, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ержан Бекниязов, аудан прокуроры Аманжол Айтуғанов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Аманбек Шалбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім басшыларымен қызметкерлері қатысқан.
Акцияның мақсаты - халық арасында экологиялық мәдениетті арттыру, қоғамдық орындарда азаматтардың мүлікке ұқыпты қарауға шақыру. Сондай-ақ, халықтың табиғатқа деген жақсы көзқарасын қалыптастырып, тазалықты сақтауға және экологиялық мәдениетті нығайтуға, санитарлық жағдайды жақсартуға бағытталған.