Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай 6 және 7 мамырда өтетін веложарыстарға Маңғыстау облысының тұрғындары қатыса алады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
«Tour De Bozjyra» веложарысы екі бағыт бойынша өтеді. 6 мамырда Rixos Water World қонақ үйінен МАЭК су арнасына дейін және кері қонақүйге дейін (20 шақырым). Ал 7 мамырда Жаңаөзен қаласынан Бозжыра шатқалына дейін (130 шақырым).
Мұндай веложарыс екінші рет өткізілмек. Спорттық іс-шара Rixos Water World Aktau қонақ үйі, өңірлік велоспорт федерациясы мен Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылады.
Әуесқой велосипедшілерге арналған жарыста әрбір қатысушы өз күш-қарымын сынай алады.
Ұйымдастырушылар мәліметіне сүйенсек, веложарысқа 16 жастан асқан облыс тұрғындары мен қонақтары өз денсаулығына жеке жауапкершілік алатыны жөнінде қолхат жазып қатыса алады.
Тіркеу 6 мамырда сағат 7:30 - да, старт 8:00-де басталады. Ал 7 мамырда қатысушылар 9:00-де жарысты бастайды. Жарты сағат бұрын басталады.
Қосымша сұрақтар бойынша төменде көсетілген телефонға хабарласуға болады: +7 702 516 2531 Людмила.