Ақтауда түнгі кезекшілікте автомобиль жолдарынан 1120 м3 жаңбыр суы алынды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мамандар түнгі кезекшілікте қаладағы 8 нүктеде жиналған жаңбыр суын тазалау жұмыстарын жүргізді:
-Халық арена 17 ш/а
-17ш/а мен 19 ш/а арасындағы қиылыс. (Инара ТҮК)
-«Ак кала MALL» ойын-сауық орталығы 29а ш/а
-Астана сауда орталығының алдындағы автомобиль жолы 14 ш/а
-Облыс әкімдігі ғимаратының алдындағы автомобиль жолы 14 ш/а
-№1 автомобиль жолы, «Мағаш» мейрамханасының маңы;
-№19 автомобиль жолы, Мұнайшы стадионы маңы;
-7 ш/а 12 үйдің маңы.
Осылайша түнгі мезгілде автомобиль жолдарынан 1120 м3 жаңбыр суы алынды. Қазір су алу жұмыстары мына мекен-жайларда жүргізіліп жатыр:
-12-шағын аудан №59 үйдің алдындағы автомобиль жолы;
-№27 автомобиль жолы, Сары базар маңы
-Хазар базары 31 ш/а;
-31Б ш/а «Өрнек» ТҮК.
Бұл жұмыстарға жеке құрамның 56 қызметкері және 12 арнайы техника жұмылдырылды.