Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті облыстық жедел жәрдем станциясының басшысын пара алды деген күдікпен ұстады. Бұл туралы агенттіктің облыстық баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта жедел жәрдем станциясының басшысы өз кінәсін мойындады. Тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін анықтау туралы шешімді сот шығарады, делінген ақпаратта.