Бұл туралы Ақтау қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кәсіпкерлерді қолдау және қалалық "Ақбота" саябағын жандандыру мақсатында теңіз жағалауындағы велосипедтер мен ойын машинкалары "Ақбота" саябағына кɵшiрiлдi. Енді қала тұрғындары саябаққа келіп демалумен қатар, жанұялық велосипед теуіп, балаларын ойын машинкаларына мінгізіп серуендете алады, делінген ақпаратта.
Естеріңізге сала кетейік, қалалық әкімдікте қоғамдық тамақтану павильондарынан басқа, 14 және 15 шағынауданның жағалауын кәсіпкерлік қызметтен босату ұсынылған. Велосипед және балалар көлігін жалға берушілердің жағалауды 31 қаңтарға дейін босатуы міндеттелген.