19 сәуірде Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері қысқы киімнен жазғы киім формасына ауысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жиын еліміздің Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығын орындау үшін, сондай-ақ жазғы киім нысанына ұйымдасқан түрде көшуді қамтамасыз ету, саптық дағдыларды жетілдіру, саптық командаларды орындау кезінде үйлесімділік, сондай-ақ азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің үлгілі сыртқы келбетін қолдау мақсатында болды.
«Саптық байқауда ҚР Мемлекеттік туы көтерілді. Әнұран шырқалды, құжаттардың болуы және куәліктің қазіргі лауазымы мен қызметкер атағына сәйкестігі тексерілді. Саптық байқау соңында өрт сөндірушілер саптық дайындық дағдыларын және саптық командаларды орындау кезінде үйлесімділікті жетілдірді», деп жазылған Қоғаммен байланыс тобының хабарламасында.