Ақтауда үйлену той кортежін ұйымдастырып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтау қаласы ПБ ППБ қызметкерлері дереу көлік жүргізушілері мен жолаушыларын анықтады.
«Автокөлік жүргізушілері қауіпсіздік белбеуін тағу, жолаушы тасымалдау ережелерін, маневр жасау ережелерін бұзғаны, авариялық жағдай туғызғаны және көлік пайдалану ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Нәтижесінде аталған құқық бұзған адамдарға 17 хаттама толтырылды», деп жазылған хабарламада.
Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437, 590, 591, 593, 614, 615-баптары бойынша бірқатар әкімшілік хаттамалар жасақталды.