Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды
Ақтау қаласы, 14а-15а шағын аудандар, теңіз жағалауында балалар ойын машинкалары мен велосипедтерді жалға беретін кәсіпкерлердің тұратын орны бойынша қоғамдық тыңдау өткізілетіндігін хабарлайды.
Тыңдау 2020 жылдың 17 қаңтар күні сағат 17:00 -де, Ақтау қаласы, 4 шағын аудан "Абай" атындағы мәдени-демалыс кешенінде өтеді. Қала тұрғындарын көтерілген мәселе бойынша ой-пікірлерін айтып, ұсыныстарын айтуға шақырамыз.
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН