Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Оны ашып, жүргізіп отырған Кеңес төрағасының және облыс әкімінің орынбасары Мақсат Сқақов өңіріміздің қалалары мен аудандарының әкімдіктері отырысқа селектор режимінде қатысып отырғанын айтты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Берік Біләлов ауданның діни ахуалы, ғибадат орындарының құрылысы және дін мәселелер бойынша аудандық ақпараттық-насихат тобының жұмыстары туралы баяндап, діни ахуалдың тұрақты екендігін жеткізді.
Кеңестің күн тәртібіндегі екінші мәселе Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты түзету мекемелеріндегі діни тақырыпта өткізілген іс-шараларға арналды. Жыл басында барлық мекемелерде Маңғыстау облыстық дін істер басқармасымен арнайы бірлесіп бекітілген жоспарға сәйкес имамдар, шіркеу қызметкерлері және теолог мамандар жүйелі түрде мекемелерге келіп, жұмыстар жүргізуде. Нақты айтар болсақ, ағымдағы жылдың 7 айы ішінде мекемелерге 96 рет (мешіт - 92, шіркеу - 4) діни бірлестік өкілдері келіп, сотталғандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ал, Маңғыстау облысы Дін істер басқармасының теолог мамандары 88 рет келіп жеке кездесулер өткізілді.
Кеңесте қаралған үшінші мәселе бойынша Дін істері басқармасының «Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау ортылығы» КММ басшысының орынбасары Бақтыгүл Шопанованың «Дестурктивті діни ағым мүшелеріне қарсы бағытта жүргізілген жұмыстар және оның алдын алу шаралары туралы» баяндамасы тыңдалды.
Баяндамашының айтуынша, бүгінгі таңда Маңғыстау облысының аумағында жалпылай алғанда діни ахуал тұрақты. Облыс тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру мақсатында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы (АТТ) жұмыстануда.
2018 жылдың 1-жартыжылдығында ұйымдастырылған 434 іс-шараға 25 238 мың адам қатысты. 2-тоқсанда облыстық АТТ мүшелері 112 іс-шара өткізіп, оған 9638 адам қамтылды. Мұның ішінде дәріс – 17, кездесулер – 59 , сұхбат – 27, дөңгелек үстел – 6 және өзге шара саны – 3. Дін істері басқармасының дін мәселелері жөніндегі орталықтың сенім телефонына 40 адамнан қоңырау келіп түскен. Олар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, орталықтың мамандарынан қанағаттанаралық жауаптар алған. Көбінесе қойылатын сұрақтары Ислам тұрғысынан. Атап айтсақ, намазға, оразаға қатысты, жақындарын жат ағымннан қалай сақтандыру керектігін, теолог мамандардың теріс бағытта жүрген туыстарымен жеке кездесіп, бағытын анықтап беруін сұраған.
- Биылғы маусым, шілде айларында дін істері басқармасының ұйымдастыруымен АТТ мүшелерінің біліктілігін арттыру мақсатында мұнай, денсаулық сақтау мекемелері қызметкерлеріне және дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдау орталығының исламтанушы мамандарына семинар-тренингтер ұйымдастырылды, - деді Б.Шопанова. - Қазіргі таңда діни сеніміне сәйкес екпеден бас тартушылардың да саны мазалайды. 2018 жылдың басында олардың саны 420 болса, Маңғыстау облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті жүргізіген бірлескен жұмыстардың нәтижесінде 1-жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 107 адамға азайып, олардың саны – 313 (26%) болып отыр. Құрылған мобильді топтың жұмысы барысында екпеден бас тартқандармен адрестік жұмыс жүргізу, ДДА өкілдерін жаңадан анықтау жұмыстары кезіңде мекенжайлары дұрыс емес, теолог мамандарға есік ашпау, сұхбаттан бас тарту сияқты проблемалар болған. Бұл бағытта Маңғыстау облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен бірге жұмыс жалғастыру қажет.
М.Сқақов отырыста қаралған мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берді. Атап айтқанда, қалалар мен аудандар әкімдіктеріне өз аумақтарында діни ағымдардың алдын алу және жолын кесу бойынша жұмыстарды күшейтіп, діни ахуалды қатаң бақылауға алу; жаңа оқу жылы қарсаңында білім беру ұйымдарында оқушылардың мектеп формасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, оқушылармен түсіндіру жұмыстары және аталған мәселені мектептегі ата-аналар комитетінің отырысында қарастыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізу; медициналық екпені қабылдаудан бас тартудың алдын алу үшін тұрғындар арасында тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жалғастыру және насихат жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА,
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ