Бүгінгі таңда заманауи компьютерлік технологияларды қолданылмайтын адам қызметінің салалары болмауы мүмкін емес. Бұл тұрғыдан заң саласы да – ерекшеленбейді. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» жарлығы ел азаматтары үшін айтарлықтай және маңызды болды. Жарлықтың бірі - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы құқықтық ақпарат орталығының құрылуы. Биыл 16 маусым 2018 жылы Республикалық құқықтық ақпарат орталығы 25 жылдық мерейтойын атап өтуде.
Республикалық құқықтық ақпарат орталығы құрылған уақыт ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шағын құрылымдық бөлімшесінен филиалдық желісі бар тәуелсіз ірі кәсіпорынға айналды, және Қазақстан Республикасының ақпараттық және құқықтық қызметтер нарығында көшбасшы орынды иеленді.
Жас тәуелсіз мемлекет қызметінің түрлі салаларын реформалау, жаңа экономикалық қарым-қатынастарды және олардың бірлігі мен әлеуметтік аспектілердің құрылысын құқықтық базасыз жетілдіру мүмкін емес. Бүгін үлкен ауқамды жаңа нормативті құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Нормативті құқықтық актілердің толық ақпаратын компьютерлік іздеу бағдарламалары арқылы ғана білуге болады.
Республикалық құқықтық ақпарат орталығы қызметінің негізгі бағыттары:
- Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкін жүргізу. Эталондық бақылау банкі – Қазақстан Республикасында шығарылатын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нормативтік құқықтық актілерінің жинағы және Нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялайтын көзі болып табылады (http://zan.gov.kz/).
- Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімін жүргізу. Нормативтік құқықтық актілердің деректемелері мен осы актілер туралы басқа да ақпараттық-анықтамалық сипаттағы мәліметтерді қамтитын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік есебінің бірыңғай жүйесін білдіреді (http://zanorda.kz).
- «Заң /Закон» деректер базасы ақпараттық-құқықтық жүйені қалыптастыру. Тұтынушылардың жеке қажеттіліктеріне назар аудара отырып, бәсекелестік ортада сапалы қызмет көрсету үшін, мемлекеттік органдардың, жеке тұлғалардың ақпараттық-құқықтық сұранысын қанағаттандырады (http://zan.kz).
- «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі. Жүйе ақпараттық жиымды күнделікті жаңарта отырып, тәулік бойына жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді (http://adilet.zan.kz).
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметі.
Халыққа құқықтық мәселелер, онымен қоса мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша тегін 119 бірыңғай нөмері арқылы консультациялық қызмет көрсетіп, қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша көмек көрсетеді;
- «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жаршысы» ақпараттық-талдау журналы;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» - «Заң / Закон» деректер базасын құрып бастапқы деңгейден халықаралық стандарт деңгейіне жетті. Құқықтық ақпараттандыру бүгінгі күні қойылған мақсаттарға сауатты, ұтымды және тиімді түрде қол жеткізуге мүмкіндік беретін айқын белгіленген стратегиялық міндеттер бойынша жүзеге асырылады.
Орталықтың ең маңызды міндеттері «Заң / Закон» деректер базасын ақпараттық технологияларды жетілдіруге байланысты. Ақпарат орталығы «Заң / Закон» деректер базасын жетілдіруді және дамытуды, одан әрі оңайлатуға ықпал етіп, құжаттарды іздеу үдерісін жеңілдетуді, өңдеу уақытын қысқартуды, нормативтік құқықтық актілерді тиімді талдауды әзірлеуді қамтамасыз етеді.
«Заң» деректер базасы алуан түрлі анықтаманы, заң терминдерінің энциклопедиялық сөздіктерді, қолданыстағы заңнамаға түсіндірмелерді, құжаттардың үлгілерін, сот тәжірибесін, құқықтық консультацияны және тағы басқа мәселелерді қамтитын құқықтық ақпараттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі неғұрлым толық электрондық жиынтығы болып табылады.
Республикалық құқықтық ақпарат орталығынады келіп түскен тапсырмалардың сапалы орындалуы, барлық міндеттемелердің сақталуы, біздің қызметкерлеріміздің жоғары кәсібилігі кәсіпорынның ақпараттық және құқықтық қызметтер нарығында қарқынды дамып, өз орнын табуға және сенімді серіктестің беделін алуға мүмкіндік берді.
Республика бойынша филиалдардың үлкен желісі аймақтық деңгейде қабылданған барлық нормативтік актілерді бір жерден жылдам жинақтауға, сондай-ақ түпкілікті пайдаланушыға құқықтық ақпаратты дереу жеткізуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні республикалық құқықтық ақпарат орталығы мемлекеттің ақпараттық-құқықтық саясатының жолсерігі екендігі туралы сеніммен айтуға болады.
Біздің кәсіпорынның басты мақсаты, еліміздің тұрғындары арасында құқықтық ақпараттың таралуы болып табылатынын ескере отырып, қазіргі заманғы технологиялардың прогрессивті жетістіктерін қолданып, ақпараттық ресурстарды тиімді ұйымдастыру және пайдалану негізінде мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың, ұйымдар мен азаматтардың ақпараттық және құқықтық қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін оңтайлы жағдайлар жасау біз үшін маңызды рөл болып табылады. Кәсіпорынның және Маңғыстау аймақтық құқықтық ақпарат орталығының жоғары білікті мамандары жемісті жұмыс істеуді, қоғам үшін пайдалы болуға және барлық туындаған сұрақтарыңызға жауап беруге дайын.
Маңғыстау аймақтық құқықтық ақпарат орталығының байланыс телефондары: 8(7292) 33-29-36; 33-30-14.
Әсел ТАУЖАН,
ҚР ӘМ РҚАО Маңғыстау аймақтық
құқықтық ақпарат орталығының директоры