Зейнетке шығатын әйелдер қаперіне!
[ 2017 ] 31 қазан, 12:06 | Қоғам
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 11 бабына сәйкес, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылдың аяғына дейін әйел адамдардың зейнеткерлік жасы 10 жыл ішінде біртіндеп әр жыл сайын 6 айдан өсірілетіні жөнінде барлық ақпараттық құралдар арқылы айтылуда. Осы Заң бабы 1 қаңтардан күшіне енгенде әйел адамдарға зейнеткерлікке шығу жасы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 58 жас 6 ай болады. Ол 1960 жылдың 1 қаңтары мен 30 маусымы аралығында туғандардан басталады.
Сонда әр жылы зейнеткерлікке шығу жасы былай өріледі:
- 1960 жылдың 1-қаңтары мен 30-маусымы аралығында туғандар 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап, 58 жас 6 айда,
- 1960 жылдың 1-шілдесі мен 31-желтоқсаны аралығында туғандар 2019 жылдың 1-қаңтарынан бас- тап, 59 жаста,
- 1961 жылдың 1-қаңтары мен 30-маусымы аралығында туғандар 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап, 59 жас 6 айда,
- 1961 жылдың 1-шілдесі мен 31-желтоқсаны аралығында туғандар 2021 жылдың 1-қаңтарынан бастап, 60 жаста,
- 1962 жылдың 1-қаңтары мен 30-маусымы аралығында туғандар 2022 жылдың 1-қаңтарынан бастап, 60 жас 6 айда,
- 1962 жылдың 1-шілдесі мен 31-желтоқсаны аралығында туғандар 2023 жылдың 1-қаңтарынан бастап, 61 жаста,
- 1963 жылдың 1-қаңтары мен 30-маусымы аралығында туғандар 2024 жылдың 1-қаңтарынан бастап, 61 жас 6 айда,
- 1963 жылдың 1-шілдесі мен 31-желтоқсаны аралығында туғандар 2025 жылдың 1-қаңтарынан бас- тап, 62 жаста,
- 1964 жылдың 1-қаңтары мен 30-маусымы аралығында туғандар 2026 жылдың 1-қаңтарынан бастап, 62 жас 6 айда,
- 1964 жылдың 1-шілдесі мен 31-желтоқтаны аралығында туғандар 2027 жылдың 1-қаңтарынан бас- тап, 63 жаста зейнеткерлікке шығады.
Тағы оқыңыздар: Сайын ауылындағы газ мәселесі шешілер күн жақын
Бес және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы алу құқығы сақталады. Аталған өзгерістерді ескере отырып, 2017 жылы 58 жасқа толып жатқан 1959 жылғы туылған азаматшалар 2018 жылдың 1-қаңтарына дейін зейнетақы төлеміне арызда- нуы тиіс. Мысалы, 2017 жылдың желтоқсан айында 58 жасқа толған адамдар түрлі себептермен 2018 жылдың 1-қаңтарында арызданса, тек 58 жас 6 ай толғанда ғана зейнеткерлікке шыға алады.
К.ТӨЛЕГЕНОВ,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының
Маңғыстау облысы бойынша «ӘТВЕО» департаментінің
Бейнеу аудандық бөлімшесі басшысы
1829
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.