• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 25 Шілде 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Күйеуі пышақтаған әйел жүктіліктің оныншы аптасында болған...

Маңғыстауда «AMANAT» партиясы төрағасының орынбасары тағайындалды...

Маңғыстауда жаңа су құбырының құрылысы басталды...

Ақтауда «Жаныңда жүр жақсы адам» байқауының жеңімпаздары анықталды...

Футболдан Англия құрамасы Еуро-2024 финалына шықты...

  • USD: 474.09 ₸
  • EUR: 514.01 ₸
  • RUB: 5.48 ₸

Бейнеу станциясынан жүктелген жүк көлемі былтырғыдан артқан

[ 2017 ] 25 желтоқсан, 04:54  |  Маңғыстау жаңалықтары

Өткен жылдың 11 айымен салыстырғанда бейнеулік теміржолшылардың жұмысы бұрынғыдан да жанданған. Бейнеу станциясының өзінен жүктелген вагондардың саны 1 817-ге немесе 125 577 тоннаға артып, 4 311 вагон/248 449 тоннаға жеткен. Станциядан бірнеше шақырымда орналасқан №1 бекеттен 13 254 вагон тиеліп, жіберілген жалпы жүк көлемі былтырғы белгіленген мерзімнен 197 019 тоннаға көбейген.

Соның ішінде құрылыс материалдары 1607 вагон/ 68 288 тоннаға, мұнай 73 вагон/1000 тоннаға, машина 36 вагон/691 тоннаға, металл сынығы 38 вагон/2133 тоннаға, металл бұйымдар  83 вагон/1775 тоннаға, әртүрлі жинақталған жүк 43 вагон/669 тоннаға, метал-құрылыс 77 тоннаға көбейген. Сондай-ақ астық, дәнді-дақылдардан Бейнеуден бидай тасымалы да жүзеге асқан. Өткен жылғы есепті мерзім ішінде станциядан небәрі 3 вагон астық жолға жіберілсе, биыл 102 вагон/6512 тонна дақыл жөнелтілген. Яғни бұл көрсеткіш Бейнеу астық терминалында ұзақ мерзім сақталған төменгі сұрып бидайдың Шымкенттегі құс фабрикасына жіберілуіне байланысты болған. Дегенмен кейбір көрсеткіштер төмендеген. Бейнеу астық терминалына бидайдың кірісі қысқарғандықтан ұн жөнелтілімі бәсеңсіп, салыстырмалы мерзімде 163 вагонға азайған. Жем де солай, 9044-тен 4436 тоннаға түскен. 11 айда Орталық Азиядан қабылданған пойыздар 27-ге, кері бағытта жіберілгені 64 санға кем. Керісінше, Тассайдан қабылданған пойыздар 989-дан 1324-ке, Тассайға қарай бағытталғаны 698-ден 937-ге дейін жеткен. Бұл көрсеткіш станцияға Мақаттан келген пойызда 20 710, Маңғыстау станциясынан 7 602 вагонға жоғарылаған. Аталмыш локомотивтердің барлығына станцияда техникалық қызметтер көрсетіліп, сұрыптау жұмыстары жүргізілген.

-   Қазір Бейнеу станциясы төрт түрлі бағытта жол торабымен жұмыс жасауда. Олар: Бейнеу-Мақат, Бейнеу-Маңғышылақ, Бейнеу-Каракалпакия, Бейнеу-Тассай. 2014 жылы Бейнеу-Тассай бағытындағы жол желісі іске қосылуына орай «Б» паркі ашылды. «Б» мен «А» паркінің арасындағы байланыс әлі қосылған жоқ. Сол себепті бағыттама бұрмаларды парктік кезекшілер бұрып бағыттама дайындап жүр. Келіп-кеткен пойыздардың жүріс барысын пойыздық диспетчермен байланыс арқылы анықтап отырады. Жаңа жол торабының пайдаланысқа берілуімен жаңа жүйе де енгізіліп, қызметкерлер Ebiloc-950 микропроцессорлық орталықтандыру жүйесін меңгерді. Тораптың ашылуы айтарлықтай жақсы нәтижеге қол жеткізуге септік етуде. Бұрын 3 торапты жолмен жұмыс жасағанда Атырау және Ақтөбеге бағытталған локомотивтер Бейнеу-Мақат жолы арқылы кететін. Енді Ақтөбе, Алматы, Жезқазған бағытына жол алған жүк вагондар Бейнеу-Тассаймен жіберілуде, сол арқылы станциядан бұрыңғыдан да көп пойыз қабылдап жөнелту мүмкіндігі туып отыр. Станцияда қазір 13 жол бар, оның 3-уі жолаушылар, қалғандары жүк пойыздарына арналған. Жаңадан салынған «Б» паркінде 6 жол. Бірақ әлі толықтай қосылмағандықтан тек 2 бас жолы қолданыста: 1Б (Бейнеу-Қарақалпақия), 2Б (Бейнеу-Тассай) жолдары. Қалған жолдар пайдалануға берілсе сұрыптау жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі молайып, нәтижені бұдан да жақсарта аламыз. Осы орайда жаңа тораппен жұмыстың ойдағыдай жүріп кетуіне аянбай тер төгіп, үлестері қосылып жүрген біраз теміржолшыны атамай кетуге болмайды. Теміржол жұмысында көп жылдан бері келе жатқан станция кезекшісі Марат Сақтағановтың, №1 бекеттің кезекшісі, "Құрметті теміржолшы" Қыдырбай Жаңабаевтың, пойыз құрастырушы, "Құрметті теміржолшы" Құттыбай Лепесовтың еңбектері орасан. Олар жылдар жинаған тәжірибесін жастарға үйретіп, өздерінен кейінгі буынға ағалық ақыл-кеңес беруден жалыққан емес, - дейді станция бастығы Есет Хайруллин.

Оның айтуынша, вагон ағымдарының артуына тағы бір себеп -  жалпы Маңғыстау темір жол бөлімшесінде, Бейнеу станциясы және №1 бекеттерінде логистикалық қызметтің дұрыс жолға қойылуынан. Сол үшін автомобильмен тасымалданатын жүктер де темір жол тасымалына ауыстырылып жатқан көрінеді. Бұған айқын дәлел қазір Қазақстанның кез келген жерінде түбек ұлутасының қолжетімді бағамен құрылыс нарығына шығуы. Бұл, әрине, маңғыстаулық, бейнеулік теміржолшылардың жұмысының бір көрінісі. Осылайша, Бейнеуден биылғы желтоқсан айына дейін 12 923 вагон, яғни былтырғыдан 1 655 вагонға артық ұлутас еліміздің түкпір-түкпіріне жол тартқан.

Әйткенмен станцияда назарға алатын тұстар да жоқ емес екен. Бұл туралы:

-  Бейнеу төрт жолдың торабында орналасқан станция болғасын халықаралық пойыздар көп. Мұнда темір жол вокзалына келіп-кететін халық саны шетел азаматтары, жергілікті тұрғындар есебінен аз емес. Станция вокзалы тарлау болғандықтан көпшілік жолаушылар перрондарда, қауіпті аймақтарда жүреді. Тек жүрмейді әрине. Арттарына қоқыс тастап кететін жағдайлар жиі кездеседі, - деген Е.Хайруллин жалпы саны 140 шақты қызметкер еңбек ететін станцияда техникалық сабақ кабинетінің тарлық ететінін және онда техникалық құралдардың жетіспеушілігін де алға тартады.

Шахида ЖҰМАН

Тағы оқыңыздар: Есірткіні метадонмен алмастырғандар не дейді?
983
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

«БЖЗҚ» АҚ бөлімшелерінің 2017 жылғы 30-31 желтоқсан – демалыс күндеріндегі жұмыс кестесі туралы

Келесі жаңалық

«Өзенжылу» қоғамдық жұмыстағы 12 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    «Маңғыстау Медиа» ЖШС-нің жаңа ғимараты ашылды

    [ 2021 ] 29 маусым, 14:20
    4268

    Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

    [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
    4439

    ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

    [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
    4106

    "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

    [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
    3411

    "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

    [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
    3431

    Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

    [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
    4386

    Рубрикалар

      СараптамаӘдебиетБайланыс мәліметтеріБейнеуСұхбатБіле жүріңізСаясатЖаңалықтарҚарақияҚұқық

    Автордың басқа да жазбалары

    Ауруды жеңген теміржолшы

    [ 2019 ] 23 ақпан, 05:10
    1827

    Түбектің құрметті азаматы атанған теміржолшы

    [ 2018 ] 20 желтоқсан, 11:19
    2429

    Салауатты өмір салтын ұстанған отбасы

    [ 2018 ] 16 қараша, 05:10
    1692

    «Маңғыстау теміржолы» үздік атанды

    [ 2018 ] 9 қараша, 07:30
    1730

    Сенат депутаты теміржолшылармен кездесті

    [ 2018 ] 19 қазан, 04:52
    1711

    Еңбек еш кетпейді

    [ 2018 ] 25 тамыз, 07:22
    2299

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»