Бұл – тұрғындардың жұмысқа орналасатынына үміттеніп, қомақты соманы берген алғашқы жағдай емес. Қыруар қаражатты бөтенге сеніп беріп, соңында жұмыссыз және ақшасыз қалады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аймақтың полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жергілікті тұрғын алаяқ жұмысқа орналастырамын деп уәде беріп, 2 000 000 теңге алғаны, алайда өз уәдесін орындамағаны жөнінде полицияға арызданған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
"Аймақ тұрғындары мен қонақтарының назарына! Маңғыстау облысының ПД алаяқтардан сақ болуға шақырады. Ақшаны сенімсіз шоттарға аудармаңыз, алаяқтық болған жағдайда полицияға хабарласуыңызды сұраймыз!",- делінген облыстық полиция хабарламасында.