«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылғанына 9 жыл толуына орай, Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен бірқатар шаралар қолға алынды. Соның бірі - кәсіпкерлер палатасы ғимаратында бизнес өкілдеріне арналған «Ашық есік» күні басталды, mangystaumedia.kz деп хабарлайды облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кәсіпкерлер мемлекеттік органдар және қаржы институттары өкілдерінен тегін кеңес алуда. Іскерлерге білікті мамандар мемлекеттік қызмет, салық, ауылшаруашылығы, білім, құрылыс, жер қатынастары, жұмыспен қамту және мемлекеттік сатып алулар бойынша кең көлемде ақпарат берді.
Ал, кәсіпкерлердің құқығын қорғау, бизнеске жасалатын әкімшілік кедергілерді жою мақсатында облыстың прокурорлары да іскерлерге өз кеңестерін беріп, түйіткілді мәселелер бойынша сұрақтарға жауап береді.
Таңертең басталған шара кешке дейін жалғаспақ.
Айта кетейік, «Атамекен» ҰКП-ның 9 жылдығына орай, «Отар» спорт кешенінде Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен Жаңаөзен қалалық және аудандық филиалдардың қызметкерлері, сондай-ақ, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мамандарының қатысуымен футболдан жарыс өтеді. Спорттық шараға 26 қызметкер қатысады. Олар 4 командаға бөлініп, бақ сынайды. Жеңімпаздар жарыс соңында марапатталады.