Ақтауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының тергеушісі сыбайлас жемқорлық қылмысы, яғни пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тергеушіге қатысты үкімді Ақтау қалалық соты шығарды. Үкім заңды күшіне енді.
Үкімге сәйкес, оған 15 миллион теңге айыппұл салынып, арнайы атақтан айыру жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.
Істі болған тергеушіні Агенттіктің Ішкі қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері әшкерелеген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ Агенттік мәртебесін алаяқтық мақсатта пайдаланатын тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне тап болсаңыз, келесі телефон нөміріне хабарласыңыз:
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 8 7172 909 372 (37)
e-mail: uvb@antikor.gov.kz
Байланыс орталығы – 1424
Facebook | Instagram | YouTube
???? Байланыс орталығы - 1424