БАҚ өкілдері Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбаймен кездесті. Кездесу ерекше және бейресми «таңғы ас» форматында өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Журналистер компания рұқсат құжаты жоқ үй салатын болса, содан кейін нысанды тапсыру уақыты келгенде әкімдікке «бопсалаумен» барып, постфактумға рұқсат беруді талап ететіні жөнінде сұрады. Нұрдәулет Қилыбай қазір Ақтауда салынып жатқан 100 нысанның 12-сі ең проблемалы екенін атап өтті. Барлығы 30 проблемалық нысан бар, бірақ көп жағдайда суға және басқа да коммуналдық қызметтерге қосылуға құжаттар алынбаған. Қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты он екі нысан құрылысы аяқталмай тұр.
«Біз рұқсат беру құжаттарында проблемалары бар жосықсыз құрылыс салушылардың тізімдерін үнемі жариялап отырамыз. Бірақ тұрғындар әлі де құрылысқа қаржы салып жатыр. Неліктен сатып алушылар құрылыс салушылардан құжаттарды талап етпейді? Содан кейін құрылыс компаниялары халықтың атын жамылып нысанды бұзбауды талап етеді. Қазір МСҚБ материалдарды сотқа жібереді. Сот нысандардың бірін бұзу туралы шешім қабылдады, бірақ құрылыс салушы апелляцияға берді. Менің ойымша, олар Жоғарғы сотқа жетеді. Сот қандай шешім қабылдайды, біз соны жасаймыз", - деді қала әкімі.
Журналистер кейбір қалаларда мораторийге байланысты бір кездері жойылған сәулет - қала құрылысы кеңестерінің жұмысын қайта бастау талаптары айтылып жатқанын атап өтті. Қала басшысы мұндай кеңестер осы салада тәртіп орнатуға көмектесе алатынын айтты.
«Қазір «Атамекен» тұрғын үй кешеніндегі жағдай қалыпты. Онда паркингтер, коммерциялық және тұрғын үйлер барлығы сатылды. Ал құрылысты аяқтау үшін 400 миллион теңге керек. ҚҰрылыс компаниясында мұндай сома жоқ. Тұрғындар 25 шілдеде өз кооперативтерін құрып, барлық құжаттарды өздеріне тапсыруды сұрайды. Олар компанияны жалдап құрылысты өз бетінше аяқтайды. Үй құрылысы қазірдің өзінде 90 пайызға аяқталды. Бүгінгі күні құжаттама тұрғындарға әлі тапсырылған жоқ. Егер берілмесе, онда кооператив өкілдері құрылыс компаниясын сотқа береді", - деді Нұрдәулет Қилыбай.