© Талант ҚҰСАЙЫН
Қала әкімімен «таңғы асқа» келген журналистер Ақтау басшысынан соңғы бір жылда қанша тұрғын үй салынғанын, облыс орталығында халық саны қаншаға өскенін сұрады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Соңғы бір жылда қалада жүзден астам тұрғын үй салынды. Ақтауда жыл сайын 700 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй берілсе, облыста шамамен 1,2 миллион шаршы метр тұрғын үй беріледі.
«Бұл өте үлкен сандар. Алматы мен астанадан кейінгі үшінші орында тұрмыз. Ресми статистика бойынша Ақтауда 218 мың адам тұрады. Бір бірақ бар. Медициналық мекемелерге тіркелгендер саны 300 мыңнан асты. Біреу Ақтауға келеді, оқиды, жұмыс істейді, бірақ басқа қалада тіркелген. Осылайша көбі облыс аймақтарынан осында жұмыс істеуге келеді. Яғни 350 мың адам Ақтаудан нәпақа табады, - деді Ақтау әкімі Нұрдәулет Қилыбай.