Бұл туралы Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай журналистерге айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
БАҚ өкілдері қала басшысына Ақтау жолдарындағы қауіпсіздік туралы сұрақ қойды. Нұрдәулет Қилыбай көлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілерді жиі қағуына байланысты біраз тұрғын жасанды жол кедергісін орнатуды талап етеді.
Ал мұның әкімдіктің емес, ІІМ нұсқауымен жасалатынын екенін атап өтті. Ақтау қаласының әкімі ең жақсы шешім Сергек камералары болады деп санайды. Тамыз айының соңында қалалық мәслихаттың сессиясы өтеді, онда «Сергекті» орнату туралы мәселе көтеріледі. Осыдан кейін әкімдік МЖӘ тетігі бойынша мердігермен шарт жасасады.
«Жыл соңына дейін қаланы камералармен жабдықтау жоспарлануда. Барлығы 100 камера орнатылады. Бұл жүргізушілерді тәртіпке келтіреді. Бұл жүргізушілердің қалтасына соққы болуы мүмкін, бірақ содан кейін нәтиже болады. Жасанды жол кедергілері бүкіл республика бойынша жойылды. Сондай-ақ, қаланы МЖӘ тетігі бойынша жарықтандыратын боламыз. Қазір жоба дайындалуда. Мәслихаттың бұл сессиясына үлгермейміз, бірақ келесі сессияға бұл мәселені қоямыз. Бюрократиялық рәсімдер бізге осы сессияға дейін үлгеруге мүмкіндік бермеді, қазір облыстың ТКШ басқармасы мұны пысықтауда. Қазірдің өзінде бірнеше компания бар. Осылайша, бізде МЖӘ бойынша үш жоба бар – бұл қала бойынша көгалдандыру, жарықтандыру және камералар орнату", - деді Ақтау әкімі.