Ақтаудағы «Сатурн» гараж қоғамы аумағынан 360 тоннаға жуық қоқыс шығарылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, гараж қоғамының бір гектарға жуық аумағы қоқыстан тазартылған. Осыған дейін аталған жердің ластанғанын облыс әкімінің телеграм-каналына тұрғындар жолдаған болатын. Чат қолданушылары қоқыстың көптен бері шығарылмағанын атап өтті.
Айта кетейік, Ақтау қаласы әкімінің тапсырмасымен қаланың коммуналдық қызметтері 36 көлікке тиелген қоқыс шығарылды.
Әкімдік қызметкерлері жергілікті тұрғындарға қоқысты кез-келген жерге тастамауға шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Полициямен бірлесіп, қала аумағында рейдтер ұйымдастырған. Қала көшелеріне тазалыққа шақыратын билбордтар орнатылды.