Қазіргі таңда 200 шаршы метрге жуық тротуар плитасы қалпына келтірілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абаттандыру жұмыстары 4, 7, 11, 24, 26, 27,16, 17, 18, 18а, 31а және 31б, 32а, 33 шағын аудандардағы тротуарларда, жол бойындағы аллеяларда, жаяу жүргіншілер өткелдерінде, көлік қоятын орындарда жүргізілуде. Сондай-ақ, теңіз жағалауындағы жолдар да назардан тыс қалмайды.
Ақтау қалалық ТКШ бөлімінің бас маманы Бақтияр Мақсатов тас жолдарды қалпына келтіру жұмыстары негізінен, қала ішінде салынатын кәсіпкерлік нысандарының аумағында жүргізілуде екенін атап өтті.