Маңғыстау өңіріндегі әлеуметтік-еңбек даулары мен кикілжіңдердің пайда болу себептерін зерттеу жобасы өз жұмысын бастады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Соңғы қаңтардағы оқиғалар бүкіл ел үшін мемлекеттік жүйе мен қоғамды түбегейлі өзгерту және жаңарту қажеттілігінің көрсеткіші болды. Өмір сүру деңгейі мен сапасына, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек жағдайларына құлдырауы Маңғыстау өңірі мен бүкіл Қазақстанды наразылыққа ұласты. Өңірге жұмыс сапары барысында ҚР Президенті өткен жыл басынан бері облыста 150 еңбек жанжалы тіркелгенін атап өтті, бұл бүкіл ел бойынша жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады. Сонымен қатар, еңбек даулары мен жанжалдары жыл сайын өңірде артып келеді. Белгілі бір жұмыс орнындағы жанжалды шешу әлеуметтік және еңбек даулары мен қақтығыстардың жүйелік мәселесін шешпейді. Осы себепті «CASPIANTODAY.KZ» ақпараттық порталы Маңғыстау өңіріндегі әлеуметтік-еңбек даулары мен кикілжіңдердің пайда болу себептерін зерттеу жобасын бастады.
Жобаның мақсаты – облыстағы әлеуметтік-еңбек даулары мен кикілжіңдердің негізгі және қосалқы себептерін анықтау, сонымен қатар оларды шешуге арналған ұсыныстарды жасақтау.
Жоба аясында әлеуметтік көңіл-күйдің қалыптасуына ықпал ететін негізгі факторлар, қызметкерлердің мінез-құлық қатынасының үстемдігі, әлеуметтік шиеленіс тәуекелдерінің алдын алу және төмендету бойынша қажетті шаралар зерттеледі. Жоба нәтижелері бойынша анықталған проблемалық мәселелерді шешу және жалпы ұжымдағы әлеуметтік татулықты нығайту үшін ықтимал шаралардың ұсынымдары мен мысалдары ұсынылады.
Жоба бірінші кезеңі барысында өңірдегі мекемелер әкімшілігі мен кәсіпорын төрағалары арасында сауалнама жүргізілу үстінде.
Жоба соңында сарапшыларды, қоғамдық ұйымдарды, кәсіподақ көшбасшылары мен қызметкерлерді, сондай-ақ жергілікті билік өкілдерін қатыстыра отырып, зерттеу нәтижелерін таныстыру үшін зерттеу тақырыбы бойынша 2 күндік конференция ұйымдастырылады.