Елімізде биыл жаңа оқы жылында бірқатар өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Атап айтқанда бастауыш сыныптарға 3 тілде оқыту алынып тасталды. Яғни қазақ тілінде білім алатын 1-сынып оқушылары «Әліппе» мен «Ана тілін» ғана оқиды.
Бұл туралы министр Асхат Аймағамбетов бүгін үкіметтің жалпы отырысында хабарлады. Себебі арнайы сараптамалар мен зерттеулердің қорытындысы бойынша, бірінші сынып оқушысына бірден 3 тілді меңгерудің тиімділігі төмен. Қорытындылай келе енді оқушылар орыс тілін 2-сыныптан, ағылшын тілін 3-сыныптан бастап меңгереді.