Бұл пән мектепте оқытылатын міндетті пәндер тізімінен енді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі мәлімдеді .
"Білім министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, білім беру бағдарламасына жол қозғалысы ережелерін зерделеуді міндетті түрде енгізу, осы жұмысқа инспекторларды тарту мәселесін қарастырсын", - деді Әлихан Смайылов.
ІІМ басшысы Марат Ахметжанов 22 тамыз бен 12 қыркүйек аралығында республикада жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу жоспарланғанын атап өтті. Ол жолдарда орын алатын балалардың жарақат алуын азайтуға бағытталатын болады. Барлық өңірлерде жол белгілерінің, таңбалардың болуы, бағдаршамдардың жарамдылығы тексеріледі. Сондай-ақ, мектеп автобустарында балаларды тасымалдауға лицензия бар-жоғын тексереді.