12 тамыз күні 19 шағынаудан 35 үй тұрғындарымен жиналыс өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жиналысқа Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы» ММ-нің басшысы Н.Кучербаев қызметкері Ж.Бердиев, мәслихат депутаты У. Ерсайынұлы, «Рахат-2» КТҮК салған құрылыс компаниясының өкілдері қатысты.
Жиналыста тұрғындар тұрғын үйдің лифт қондырғыларын толықтай орнату, жол жүргізу мәселесі, сондай-ақ кейбір аяқталмаған құрылыс жұмыстарын сапалы орындау жөнінде сұрақтарын қойды. Ал мамандар өз тарапынан жауап беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
13 тамыз күні 32Б шағынаудан 8, 8/1, 8/2, 16, 16/1, 16/2 үй тұрғындарымен жиналыс өтті.
Жиналысқа “Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы” ММ-нің бас маманы М. Жусип, “Адал қызмет Ақтау” ЖШС, “Татьяна” ПИТК-нің қызметкерлері және аталған тұрғын үйлердің белсенді тұрғындары қатысты.
Жиналыста тұрғын үйдің қазіргі жағдайы, жертөлені тазалау, қазандықты жөндеу мәселесі, қысқа дайындық жұмыстары және меншік мүлік иелері бірлестігін құру мен жаңадан қызмет көрсетуші компанияны таңдау мәселелері талқыланды.