«Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорында мың тоннадан астам азық-түлік өнімдері бар, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz «Каспий» ӘКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәселен тұрақтандыру қорында бүгінде 368,1 тонна бірінші сорттағы ұн, 66,5 тонна макарон өнімі, 83,75 тонна күріш, 395, 9 тонна секер, 119, 8 тонна ас тұзы, 115, 6 тонна қарақұмық жармасы мен 76,67 литр күнбағыс майы бар.
Алдағы уақытта әлеуметтік-маңызы бар азық-түлік тауарларын әзірге қосымша сатып алу көзделмеген. Өйткені тұрақтандыру қорындағы азық-түлік тауарлары жеткілікті.
Ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында аудандық және қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімдерінің хаты негізінде 125, 804 тонна тауар интервенцияланды.