Ақтауда жастар арасында тірек қимыл аппараты зақымдалған мүгедек спортшылар арасында алғаш рет үстел теннисінен ҚР чемпионаты өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ел чемпионаты ертең басталады. Жарысқа 8 облыстан келген спортшылар сынға түседі. Ал Маңғыстаудан алты спортшы бақ сынайды.
Бағдарламасы:
Сағат 10:00-12:00-де қыздар арасындағы жекелей алғашқы ойын өтеді. 12:00-де спорттық шара салтанатты түрде ашылады. 15:00 - 17:00-де ұлдар арасындағы жекелей алғашқы ойын ұйымдастырылады.
17 тамыз күні қыздар және ұлдар арасындағы жекелей ақтық ойын өтеді.
18 тамыз күні командалық ойындар басталады. Алдымен қыздар арасында қомандалық алғашқы ойын, сосын ұлдар арасындағы командалық алғашқы ойын өтеді.
Ал 19 тамыз күні командалық ақтық ойындар өтеді. Сол күні жеңіске жеткен спортшылар анықталып, марапатталады.