Бір айдан соң елімізде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні тойланады. Сондықтан акцияны ұйымдастырушылар жалғызбасты қарт әйелдерді сыйлықсыз қалдыру мүмкін емес деп санайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Қарттар үйіндегі сүйікті әжелерімізді, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты әжелерімізді құттықтағымыз келеді. Сондықтан біз сыйлықтар сатып алу үшін қайырымдылық акциясын жариялап жатырмыз. Бұл көрпе, жиынтық, шәйнек, төсек-орын жабдықтары, дастарханға тәтті сыйлықтар және тамақ. Осының барлығын қор кеңсесіне жинаймыз", - деді «Мы люди, Мы вместе» қоры өкілдері.