Мамандар елімізде несие бойынша берешек көбейгенін атап өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz LS-ке сілтеме жасап.
Ұлттық банктің мәліметінше, 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша «үмітсіз» несиелер көлемі 645,6 млрд теңгені құраса, 2022 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 579 млрд теңгеден асты. Жыл ішінде өсім 11,5% дерлік немесе 66,57 млрд теңгені құрады.
Мерзімі өтіп кеткен қаражаттың басым бөлігі жеке тұлғаларға тиесілі – 392,9 млрд теңге (+ 34,8%), бұл санатқа жеке кәсіпкерлер де кіреді. Заңды тұлғалар бойынша керісінше 252,7 млрд теңгеге (-12,1%) азайды.
Теңгедегі үмітсіз несиелердің негізгі үлесі 607,7 млрд.
2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сома 25,1%-ға өсті. Бұл ретте шетел валютасындағы көлем 93,5 млрд теңгеден 37,9 млрд теңгеге дейін азайды.
Дәстүрлі түрде мерзімі өткен несиелердің ең көп үлесі Алматы мен Астанада, сәйкесінше 266,2 млрд теңге және 106,8 млрд теңге. Ал ең азы Солтүстік Қазақстанда – 4,4 млрд теңге – Түркістан облысында – 8,5 млрд теңге.