Маңғыстауда зіл темірді жатып сығымдап көтеруден облыстық чемпионаты өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтауда «Маңғыстау арена» спорт кешенінде зіл темірді жатып сығымдап көтеруден Манғыстау облысының біріншілігі өтті. Айтулы сынға Ақтау, Жаңаөзен қаласынан, Мұнайлы және Маңғыстау ауданынан 130 спортшы бақ сынады.
Жарыстың ашылу салтанатына Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының міндетін атқарушы Айбек Имашев қатысты.
Маңғыстау облысының пауэрлифтинг спорт түрінен аға жаттықтырушы Арман Рысқалидың наурыз айында Астана қаласында өтетін ел чемпионатында облыстан іріктелген 40-қа жуық спортшы өңір намысын қорғайтынтынын айтады.
Сондай-ақ, ел біріншілігінде үміт күттіретін спортшылар қатарынан жасөспірімдер арасында 66 келіде Қырымбек Бақтыбаев және 105 келіде Жасұлан Нұров, ересектер арасында 48 келіде Айдос Құралбай, 53 келіде Төремұрат Бисенов, 59 келіде Шыңғыс Елжанов, Елдос Құралбай және Жанарыс Сұлтанғалиев, 66 келіде Берік Жұлмағамбетов, 83 келіде Руслан Базар, Мереке Жөкешбаев және Тимур Швеков, 93 келіде Ырысбек Сәрсенғалиев және Қаржаухан Сағындық, Бақтияр Дарғұл, 120 келіде Арслан Сүйіншалиев, әйелдер арасында 84 келіде Жадыра Бермұхамбетоваға зор сенім артылатынын атады.