Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасының жедел басқару орталығында полицейлер тәулік бойы үздіксіз өз жұмыстарын атқарып келеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Олар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау мақсатында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жедел жұмыстарды жүзеге асырады. Бір аптада 102 нөмеріне 1000-аса хабарлама келіп түсті. Ал, жедел басқару орталығының көмегімен 532 құқықбұзушылық анықталды.
«Біздің орталық өз жұмысын ешқашан кідірткен емес. Сондықтан сеніммен айта аламын, Жаңаөзен қаласы тұрғындарының тыныш ұйқысы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өз жұмысымызды одан әрі де жалғастыра береміз.», - дейді Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының инспекторлары.