Бұл туралы Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
«11 тамызда күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Оңтүстік-шығыс беткейден жел соғады, облыстың оңтүстігіндегі жел екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін. Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті қарапайым өрт қауіпсіздігін сақтау қажеттігін еске салады. Сонымен қатар дауыл қауіпі туған кезде: балкондарды тексеріңіздер; барлық жеңіл және көлемді заттарды бекіту немесе бөлмеге кіргізу керек; жеке автокөліктерді ағаштар мен ескі құрылғылардың маңынан аулақ қойыңыз; балаларды қараусыз қалдырмаңыз, бақылауға алыңыз; дауыл кезінде үйлердің жанында тұрмаңыз, ғимарат шатыры немесе басқа да құрылғылар қарсы келуі мүмкін», -делінген хабарламада.