Бұл туралы облыс әкімідгінің телеграм-чатында Ақтау қалалық білім бөлімінің мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасай отырып.
Ақтау қалалық білім бөлімінің мәліметінше, 32 А шағынауданындағы Фариза Оңғарсынова атындағы №29 мектепте орын тапшылығына байланысты, өткен оқу жылында 31 а, б, және 32 б, в шағынаудандары тұрғындарының балаларын ата-аналардың сұранысы бойынша «Маңғыстау облысының білім басқармасы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты» ғимаратынан оқу кабинеттері уақытша пайдалануға алынып, бастауыш сыныптары ашылған.
- Бүгінгі таңда, мектеп жасындағы даму мүмкіндігі шектеулі балалар санының көбеюіне байланысты, аталған мектеп – интернаттан кабинеттердің жеспеушілігінен қосымша оқу кабинеттерін пайдалану мүмкіндігі жоқ. Жаңа оқу жылында Фариза Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беру мектебінен қосымша ғимараттың іске қосылуына және 31 А ш/а жаңа мектептің ашылуына байланысты, бұған дейін уақытша оқыған оқушыларды сыныбымен бірге ауыстыру жоспарланып отыр,- дейді Ақтау қалалық білім бөлімінің жауапты мамандары.