Ақтау қаласында инвестициялық жоба бойынша жылыжай құрылысы басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Жобаның бірінші сатысында 1,3 гектар жерге ауданы 10525 шаршы метр болатын жылыжай, әкімшілік-тұрмыстық кешен, атап айтқанда бақылау-өткізу пункті, қойма және құдық-резервуар салу жоспарланған.
- Жылыжайда қияр өсіру жоспарланып отыр. Жобаның қуаттылығы жылына орта есеппен 90-110 тонна. Жылыжай полиэтилен жабындысынан жасалған. Жобаны жүзеге асыру мерзімі ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларына жоспарланған, - дейді Ақтау қалалық кәсіпкерлік бөлімінің өкілдері.