Жаңаөзен қаласына қарасты Рахат ауылының орталық көшесіндегі үйілген қоқыс мәселесі тұрғындарды алаңдатуда. Бұл туралы облыс әкімдігінің телеграм каналына аталған ауылдың тұрғыны видеожазба жолдаған. Тұрғынның сауалына жауап берген Жаңаөзен қаласы әкімдігінің өкілдері көшедегі қоқыс тез арада жиналатынын айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Облыс әкімдігінің телеграм каналында желі қолданушысы Рахат ауылының орталық көшесінде бейберекет төгілген қоқысты жинап алуын сұрап, видеожазба жолдаған. Тұрғынның жанайқайына құлақ асқан жауапты мекеме өкілдері мәселенің мән-жайын түсіндірді. Жауаптылардың айтуынша, 2019 жылға дейін Рахат ауылының орталық көшесі Т.Айдаров даңғылының бойына қоқыс контейнерлері орналастырылған болатын. Бірақ 2020 жылдың қаңтар айынан бастап, аталған даңғыл бойында қоршаусыз орналасқан қоқыс контейнерлері жинап алынған. Осы уақытқа дейін ауыл тұрғындары белгіленбеген орындарға қоқыс тастап, ауылдың санитарлық тазалығына кері әсерін тигізуде. Сонымен қатар, аталған орындарға қоқыс тастамау және тұрғын үйлерден жинап алу тәсілі бойынша қоқыс шығарушы техникалардың кестесі бекітілген тақтайшалар орнатылды. Видеожазбада көрсетілген аумақтағы қоқыс тазалыққа жауапты мамандармен тазаланады,- дейді Жаңаөзен қаласы әкімдігінің өкілдері.
СНХ: Ақмарал Култумаева, МО ӘА «Қоғамдық коммуникация орталығы» КММ мониторинг бөлімінің маманы
- Облыс әкімдігінің телеграм каналына хабарласқан Рахат ауылының тұрғыны көшеде бейберекет үйіліп жатқан қоқыстың көптігіне шағымданып, видеожазба жолдаған. Жауапты мекеме өкілдері аталған мәселеге қатысты мән-жайды түсіндірді. Жалпы бүгінгі таңда телеграм каналға барлығы – 9 405 сұрақ келіп түсті. Оның ішінде 9 401 сұраққа жауап берілді. Телеграмм каналға 10 783 адам тіркелген.