Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
- Instagram әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу барысында "Серебрянные пески"демалыс аймағы жанындағы күре жолдың бойында жігіттердің төбелескен видеосы анықталды. Белгілі болғандай, 31 шілдеде сағат 03:30 шамасында демалушылар мен осы демалыс орнының күзетшісі сөзге келіп, соңы төбелеске ұласқан. Полиция қызметкерлері 42 және 34 жастағы күдіктілерді анықтап, ұстады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293 - бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген таратылған хабарламада.
Айта кетейік, күдіктілерге қатысты "ешқайда кетпеу туралы қолхат" бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.