Бүгін 27 шағынаудандағы № 51 "Арғымақ" және 13 шағынаудандағы № 55 "Қыран" балабақшасының тәрбиеленушілерінің ата-аналары қалалық білім бөліміне мектепке дейінгі ұйымдарда болған жағдайді түсіндіруді сұрауға барды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ата-аналардың айтуынша, ата-аналар комитеті мен №51 балабақшаның басшылығы бар WhatsApp мессенджеріндегі чатқа 26 шілдеде жиналыс болатыны туралы жазған. 27 шілдеде жиналыста директор ата-аналар комитетінің өкілдеріне балабақшадағы тәрбиешілердің жалақысын төлеуге қаражат жоқ екенін айтып, 1-тамыздан бастап балабақшаға 50 мың теңге төлеу керек екенін ескерткен. Айта кетейік, №55 балабақша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жөндеуден өтті. Балалар мұнда ақылы топтарға да, қалалық білім бөлімінің мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша да келеді.
"Бізге 1-тамыздан бастап ақылы топтың балалары да, мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында келетін тәрбиеленушілер бірдей айына 50 мың теңгеден төлейтінін айтты. Келіспейтіндер басқа балабақшаға ауыссын немесе демалыс алсын дейді. Осы айда біз 17 мың, біреу 25мың, біреу 45 мың теңге төледік. Жеке топ 45 мың төлейді. Ал мемлекеттік тапсырыс бойынша 17 мың және 25 мың теңге төлейді. Біз бағаларда неге мұндай айырмашылық болатынын әлі де түсінбейміз. Өткен жылы 1 қыркүйекке дейін келгендер 17 мың, ал қыркүйектен бастап келгендер 25 мың теңгеге дейін төлейді. Балалар бір топқа барады, бірдей тамақ ішеді, бірақ төленетін ақы әртүрлі. Біз төлемақының көтерілуіне наразы болдық. Өйткені бұйрық жоқ, жаңа келісімшарт жоқ, олар бізді алдын-ала хабардар етуі керек еді", - дейді ата-аналар.
Ата – аналар балабақшада бар болғаны бірнеше тәрбиеші қалғанын ескертті.
"Жалақының төленбегеніне наразылық білдірген тәрбиешілерді жұмыстан шығарып жіберді. Қазір 5-6 топ бар, ал тәрбиеші аз. Бақшаға балалар онсыз да аз барады. Бірі ауырып жатса, бірі демалыста. Жақында бізге тәрбиешілер “Егер айына 50 мың теңге төлеуге келіссеңіз дүйсенбі күні балаңызды әкеліңіз, егер келіспесеңіз әкелмегеніңіз дұрыс, өйткені оның ақысы біздің жалақымыздан ұсталады” деді. Біз енді балаларымызды басқа мектепке дейінгі ұйымға ауыстыра алмаймыз. Себебі, басқа балабақшаларда орын жоқ. Мұнда төрт баласы келетін отбасылар бар. Елестетіп көріңізші, айына 200 мың төлеу керек болады!"- дейді ата-аналар.
Қалалық білім бөлімінде ата-аналарға алаңдайтын ештеңе жоқ екенін айтты. Балабақшадан ешкімді қумайды және төлемақыны арттырмайды дейді.
"Бұл МЖӘ жобасының операторы. Шарт бойынша ол мемлекеттік білім беру тапсырысын ұсынудың үздіксіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен аудиторлық тексеру жүргізілді. Тексеру жүргізу кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыру тоқтатылды. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою, МЖӘ жобаларын іске асыру шеңберінде жүргізілген операцияларды ҚР Заңына сәйкес жүргізу бойынша нұсқама ұсынылды. Бүгінгі күні “Арғымақ-СС" тарапынан Ақтау қаласы білім бөлімі тарапынан хабарлаудың заңдылығын қарау туралы экономикалық сотқа талап арыз берілді (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік-білім беру тапсырысын іске асыру бойынша қызметтер көрсетуге). Ұсталған соманы төлеу мерзімі сот процесі аяқталғаннан кейін қаралады", - деп атап өтті қалалық білім басқармасының басшысы Бағдат Тұрғанбаева.
Қалалық білім бөлімінің басшысы дүйсенбі күні таңертең балабақшада боламын деп уәде берді. Егер қандай да бір оқиға болса, қалалық әкімдікте алқалы түрде шешім қабылданады.