Тұрғындарға жазғы лагерьде тегін демалумен қай санаттағы балалар қамтылатыны түсіндірілді, депхабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облыстық білім басқармасының мамандары жазғы лагерьде тегін демалумен қай санаттағы балалар қамтылатынын түсіндірді.
Жауаптылардың айтуынша, Мемлекет тарапынан қала сыртындағы және мектеп жанындағы тегін лагерьмен жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың балалары, мүгедек және даму мүмкіндіктері шектеулі балалар қамтылады.
-Сонымен қатар экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын балалар, жалпы білім беретін мектептердің үздік оқушылары да лагерьде тегін демалу құқына ие. Қосымша сұрақтарды 8 (7292) 57-12-57 байланыс телефонынан алуға болады, - дейді мамандар.