Қазіргі уақытта жаңбыр суының көп жиналуы байқалатын 27 қауіпті учаскеде жұмыстар жүргізілуде.
"Бүгінгі таңда бізге орталық жолдардан су сору қажет. Жұмыс белсенді жүргізіліп жатыр, 132 адам жұмысқа жұмылдырылды", - деді қала әкімінің орынбасары А. Таубаев
Сонымен қатар, жолдар мен жол жиектерін ірі қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілуде. 51 м3 қоқыс шығарылды.