Бұл туралы mangystaumedia.kz хабарлайды.
"Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында "Атакент" тұрғын үй кешенінің жоғары қабатында терезеден шығып, ойнап жүрген балалардың бейнежазбасы анықталды. Аталған мекен-жайға бірден ювеналды полиция қызметкерлері жіберілді. Балалардың ата-анасына қатысты ҚР әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 127-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасақталды. Кәмелетке толмағандар және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізілді" - деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.