Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазір Ақтауда 67 мың тал, 5 мыңға жуық қылқан жапырақты ағаш және 162 мыңнан астам бұта бар. Бес жыл бұрын мұндай бұталар шамамен 200 мыңдай болған. Ал көгалдандыру бәсекелі ортаға берілген соңғы бес жылда бес мың ағашқа азайды. Олардың 600-ге жуығына жәндіктердің залалы тисе, қалғандары дұрыс суарылмағаннан қурап, пайдаға аспай қалған.