Бұл туралы облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Маңғыстау облыстық қазақ күресі федерация президенті Мұратбай Дәурен "Қазақстан Барысы-2022" турнирінің күміс жүлдегері Нұрдәулет Жарылғапов пен жаттықтырушысы Қайрат Бурбасовқа Ақтау қаласынан екі пәтер сыйлады.
Ал осы турнирге Маңғыстаудан қатысқан Нұрлан Қайыпбергеновке де арнайы сый-сияпат табыстады.
Айта кетсек, Маңғыстау облысының атынан "Қазақстан барысы" республикалық турниріне Бейнеу ауданының балуаны Нұрдәулет Жарылғапов пен Мұнайлы ауданының спортшысы Нұрлан Қайыпбергенов қатысты. "Қара бура" лақап атымен танымал Нұрдәулет Жарылғапов күміс медальға ие болды.