Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заң қабылданды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Атап айтқанда, енді Президент жеті жыл мерзімге бір рет қана сайланады. Нұр-Сұлтан қаласының атауы қайтадан Астана болып өзгереді. Конституциялық Сот судьялары 8 жылға бір рет қана тағайындалады.
Айта кетейік, Ата заңға үш айдың ішінде екінші рет өзгеріс енгізілді.