Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданында құтқарушылар аяғы жылу батареясына қыстырылып қалған 2 жасар баланы шығарды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
- 2022 жылдың 26 шілдесінде сағат 10:24-те Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылының тұрғынынан 2 жастағы баланың аяғы жылу батареясына қыстырылып қалғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Құтқару жұмыстарына ӨСБ-12-ші өрт сөндіру бөлімшесінен 1 дана техника 3 адам жеке құрам жұмылдырылды. Бала құтқарылып, анасына тапсырылды. Жағдайы жақсы, - делінген хабарламада.