Мұнайлы ауданының тұрғыны Сәнім Абдуллаева «Каспий» әлеуметтік-корпорациясының қолдауымен кәсібін дөңгелетіп, алғашқы өнімін алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ҚКО-ға сілтеме жасап.
Кәсіпкер былтыр жылыжайын дамыту үшін құрал-жабдық алуға, инфрақұрылымын жақсартуға «Каспий» әлеуметтік-корпорациясынан 20 млн теңге несие алған. Ал биыл 1 гектар жылыжайынан 40 тонна қияр, 30 тонна қызанақ алып отыр. Алты адамды жұмыспен қамтыған Сәнім Абдуллаева қияр мен қызанақты көтерме сауда орындарына арзан бағада сатып келеді.
- Жоба аясында кәсіпкерге 6% мөлшерлемемен 7 жылға 20 млн теңге несие берілді. Жалпы азық-түлік өнімдеріне арналған несие немесе қолдау туралы «Каспий» ӘКК АҚ-ның жобаларды басқару департаменті мамандарынан толық кеңес алуға болады, - дейді «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ басқарма басшысы Бекнұр Бейіс.