Ақтау қаласының әкімдігі шілде, тамыз және қыркүйек айына арналған жасыл желектерді суару кестесін ұсынды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Графикте суару күніне қоса, су тасымалдаушылардың нөмірлері, жауапты тұлғалардың аты-жөні мен байланыс деректері туралы ақпарат бар.
- Көгалдарды суару кестесінің бұзылуы немесе уақытында суарылмауы жөнінде фактілер болса, көрсетілген телефон нөмірі арқылы шағым қалдыра аласыздар, - дейді Ақтау қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, Ақтау қаласын көгалдандыру саласы бес жылға мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке беріліп, «Green City Aktau» ЖШС-мен жасыл желектерді күтіп ұстау, суару туралы келісімге қол қойылды. Көгалдандыруға 7,4 млрд теңге бөлінді.