Бұл туралы Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
-Мотоцикл жүргізушісі 2000 жылғы жігіт. Жол апаты салдарынан науқаста бас сүйек-ми жарақаты анықталған, оң жақ бұғанасы зақымдалып, жауырын сүйегі сынған. Науқас есін біледі, травматология бөлімінде ем-дом жүргізілуде. Дәрігерлер жағдайын орташа ауыр деп бағалайды.
2001 жылғы қыз балада бас сүйегінің жабықжарақат, бастың гематомасы диагнозы қойылған. Ол облыстық аурухананың нейрохирургиялық бөлімшесінде жатыр, - деп хабарлады облыстық аурухананың баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, жол-көлік оқиғасы 25 шілде күні түн мезгілінде 27-шағынауданның 33-үйіне қарама-қарсы жолда орын алды . "Lada 21901110-41" жүргізушісі солға бұрылған кезде қарсы жолақпен жүйіткіп келе жатқан мотоциклге жол бермей, соқтығысқан. Жол апаты салдарынан зардап шеккен дер дереу облыстық ауруханаға жеткізілді.